Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабы, 6 және 10-тармақтарына сәйкес, кәсіпорын тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар үшін бекітілген тарифтік сметаның орындалуы және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы бойынша көрсетілетін қызметі туралы есеп беру мақсатында жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау 2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 15:00-де «Тұран су» ШЖҚ МКК әкімшілік ғимаратында (мекенжайы: Түркістан қаласы, 160-квартал, 505-учаске) өтеді.