Turan su

Кәсіпорын туралы

«Тұран су» МКК Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
·
Басшылық
Қазыбек Қошқарбекұлы Бедебаев

«Тұран су» ШЖҚ МКК директоры

Қазыбек Қошқарбекұлы Бедебаев 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Отын мен көмірсутегі материалдарының химиялық технологиясы» және «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ «Экономика» мамандығы бойынша білім алып, экономика және бизнес біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы түрлі басшылық және инженерлік қызметтер атқарған. «Оңтүстіксушар» және «Қазсушар» кәсіпорындарында бас маман, бөлім басшысы, бас инженер, директордың орынбасары қызметтерінде жұмыс істеген. 2019–2022 жылдары «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының, 2022–2025 жылдары Түркістан филиалының директоры болған. 2025 жылдан бастап «Тұран су» кәсіпорнында еңбек етеді.

Марапаттары: «Еңбек даңқы» I дәрежелі белгісі, «Су шаруашылығы үздігі» белгісі және «Құрмет» ордені.

 

Су қоймасы
0
Су торабы
0
Магистралдық канал
0
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі
·
Кәсіпорын қызметі

Су шаруашылығын тұрақты дамыту

«Тұран су» МКК Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару, су нысандары мен шаруашылықаралық каналдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады. Кәсіпорын ауыл шаруашылығын қажетті су ресурстарымен қамтамасыз ету, су нысандарын тиімді пайдалану және олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

Сонымен қатар кәсіпорын су шаруашылығы жүйесінің сенімділігін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Бұл қызмет өңірдің ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы саласының тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.