Turan su

Бөген су қоймасы

Мәртебесі

Пайдалануда

Нысан түрі

Су қоймасы

Суармалы аумақ

67,8 мың га

Пайдалануға берілген жылы

1967

Сыйымдылығы

370 млн м³

«Бөген» су қоймасы Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан. Су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген және оның жалпы сыйымдылығы 370 млн м³ құрайды. Нысан өңірдегі ауыл шаруашылығы үшін маңызды су көзі болып табылады және 67,8 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етеді.

Су қоймасының негізгі су көздері — Арыс магистральдық каналы мен Бөген өзені. Жиналған су ауыл шаруашылығы алқаптарына Түркістан магистральдық каналы және Бөген қашыртқысы арқылы жеткізіледі. Түркістан магистральдық каналының су өткізу қабілеті 45 м³/сек, ал Бөген қашыртқысының өткізу қабілеті 80 м³/сек.

«Бөген» су қоймасы Түркістан облысының су шаруашылығы жүйесінде маңызды орын алады. Нысанның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында техникалық жағдайына тұрақты бақылау жүргізіліп, қажетті жөндеу және алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Негізгі көрсеткіштер

Медиа